Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы барреліне 29,88 долларға арзандады

Мұнай бағасы барреліне 29,88 долларға арзандады

Brent маркалы мұнайдың фючерс бағасы бейсенбі күнгі саудада 29,88 долларға арзандады, деп хабарлайды LS.

Құрылықаралық ICE Futures биржасының мәліметі бойынша, 14 қаңтар күні Астана уақытымен 8:35-те Brent маркалы мұнайға жасалған келісім 30,31 доллардан түсіп, 29,88 долларға бағаланды. осылайша қара алтын бағасы 2016 жылы кезекті рекордтық минимум орнатты. Шикізаттың мұндай бағасы соңғы рет 2004 жылы тіркелген. Ал америкалық WTI мұнайы 30,32 доллар болды.

Brent

2016 жылдың 7-14 қаңтар аралығында мұнай 11,4%-ға арзандады. Ал жыл басынан бергі саудада көрсеткіш 19,7%-ды құрады. 12 қаңтар күнгі мұнай құны барреліне 31долларды құраған.

Фото: trt.net.tr

Похожие материалы