Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда көлемі азайды

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда көлемі азайды
 

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі азайды. 2015 жылдың қаңтар-қазан айында тауар айналымы 14,6 млрд АҚШ долларын құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 27,7%-ға азайды деп хабарлайды ҚР статистика агенттігі.

ҚР ЕАЭО-ға экспорты – 4,5 млрд долларды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 30,7%-ға азайды, ал импорт –10 млрд доллар(26,3%-ға аз). Жалпы, Қазақстан Республикасы экспортының көпшілігін минералды өнімдер (ЕАЭО елдерінің экспорт көлемі — 45,8% ), химиялық өнеркәсіп өнімдері (18,5%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (17,1%), мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (8,1%) құрайды. Ал ЕАЭО елдерінен үлкен машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдері импортының жалпы көлемі — 29,7%), минералды өнімдері (14,9%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (14,2%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,1%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (13,1%) әкелінеді. Фото: kapital.kz

Похожие материалы