Экономика
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында инвесторларға арналған сектор ашылды
Қазақстанның инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталығында инвесторларға арналған сектордың жұмысымен танысты деп хабарлайды Қазақпарат.
Кез келген инвестор өзіне қажетті мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтарында ашылған арнайы секторлар арқылы ала алатын болады. Бұл механизм бюрократиялық және әкімшілік ауыртпалықты айтарлықтай азайтуы қажет. Елімізде инвесторларға 19 қызмет көрсету секторлары жұмыс істейтін болады. Астанада - 2, Алматы қаласында - 3 және еліміздің әр облысында бір сектордан деп хабарлайды ҚР -ның инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялық комитеті.
Еске сала кетсек 2015 жылы Мемлекеттік қызметтерді көрсету механизмі тек басымдылыққа ие жобаларды іске асыратын инвесторлар үшін қол жетімді еді. Бірақ 2016 жылдан бастап әрбір инвестор рұқсат берілген құжаттарды ала алатын және кеңестерге жүгіне алатын болды. Инвесторларға өз өтініші бойынша тек құжаттар пакетін дайындау керек. Басқа қызметтер инвесторларға қызмет көрсету секторларының бақылауында болып, толтырылады.
Барлық құжаттар белгіленген уақытта дайын болып инвесторға беріледі."Бір терезе" қағидаты бойынша инвесторға қажетті қызметтер автоматтандырылады. Олар интернет арқылы құжат беру процесін бақылап, керекті ақпаратты ала алады.
Фото:informburo.kz