Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Beeline ұялы телефон теңгерімінен төлеу мүмкіндігін ұсынды

Beeline ұялы телефон теңгерімінен төлеу мүмкіндігін ұсынды

Beeline Қазақстан бірегей money.beeline.kz қызметін іске қосты. Оның көмегімен телефон шотындағы қаражатты пайдалана отырып, тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеуге болады.Бұл туралы Beeline Қазақстан баспасөз қызметі хабарлады.

Beeline Қазақстан телефонынан жергілікті және шет ел операторларының ұялы және қалалық телефондары теңгерімін төлеуге; желілік және купондық қызметтерден тауарлар сатып алуға; букмекерлік және ойын шоттарын төлеуге; коммуналдық қызметтер, интернет, телевидение және білім ақыларын тұрақты төлеуге болады. Сондай-ақ Beeline клиенттері жарнама, хостинг және басқа да қызметтердің ақысын төлей алады, алдағы уақытта төлем түрлері көбейе түспек. «Жаңа 2016 жылдан бастап, мобильді байланыс операторларына мобильді қаржы саласында клиенттік қызметтерді ашу мүмкіндігі берілді. Бұл – мобильді коммерция саласында шағын және орта бизнесті дамытуға арналған үлкен қадам. Бүгін біз телефон шотындағы қаражатты қолдана отырып, әртүрлі қызметтер мен сервистердің ақысын төлеуге болатын тамаша мүмкіндіктің ашылғанын жариялаймыз. Телефон теңгерімін әмиянға айналдыру мүмкіндігін ұсына отырып, сатып алу үрдісін бұрынғыдан да жеңілдеттік», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров төлем қызметінің ашылғаны туралы өз пікірін білдірді. money.beeline.kz төлем қызметінің ресурсында Beeline клиенттері 146 сервистер мен қызметтердің ақысын төлей алады. Бірегей төлем қызметіндегі Beeline Қазақстанның негізгі серіктестері: «Билайн» (Ресей), «МТС» (Ресей), «Радиобайланыс», «Chocolife.me», «Besmart», «Alfa.kz», «Колёса», «Крыша», «Tiketon», «Avon», «Oriflame», «Faberlic», «Mary Kay», «Гол+Пас», «Olimp», «Tennisi.kz», «Profit», «World of tanks», «Alma TV», «Otau TV», «Icon», «Алсеко», «Астана Газ Сервис», «Домофон-Сити», «Аларм Сервис» және «ИС Параграф» болды.

Похожие материалы