Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР Президенті бағалы металдар мен асыл тастар туралы заңға қол қойды

ҚР Президенті бағалы металдар мен асыл тастар туралы заңға қол қойды

ҚР Президенті «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақ орда сайты хабарлады.

Заң бағалы металдарды өндіру және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Бұдан басқа, мемлекет басшысы заңнаманы «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. Фото: kursiv.kz

Похожие материалы