Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тимур Құлыбаев: «Қаржы жетіспеген кезде беделге ие компаниялардың жекешелендіруде көмектескені абзал»

Тимур Құлыбаев: «Қаржы жетіспеген кезде беделге ие компаниялардың жекешелендіруде көмектескені абзал»

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев қаржы жетіспеген кезде беделге ие компаниялардың жекешелендіруде көмектескені абзал деп санайды. Бұл туралы палата баспасөз қызметі хабарлады. 

Оның айтуынша, мұнай бағасының құлдырауы, жаһандық қаржы дағдарысы, теңге өтімділігінің тапшылығы және Ресейге қатысты Батыстың ықпалшаралары қазақстандық экономиканың дамуына әсерін тигізді. «Қаржы ресурстарына қолжетімділік жөнінен бизнесте салмақты түйткілдер туындап отырған осындай жағдайда жекешелендіруді өткізу ерекше қиын. Егер жағымды жұмыс тәжірибесіне ие, күшті тобы бар, қадрлық тұрғыдан тәртіпті, алайда қазір қаржы тапшылығын бастан өткеріп отырған компаниялар болатын болса, оның аталмыш нысанды жекешелендіруіне неге рұқсат бермеске? Шартты түрде алғанда, акциялар пакетінен 25% төлесін. Ал Палата жоба толық орындалғанға дейін қолдап, сүйемелдеуі керек. «Атамекен» бұл идеяны Мемлекет басшысы мен Үкіметке жеткізіп те қойған. Кәсіпкерлер палатасының әкімдіктегі құрылымдық бөлімшелермен әрекеттесе отырып, аталмыш механизмді егжей‑тегжейлі пысықтауы қажет”, - деп атады Тимур Құлыбаев. Тимур Құлыбаев сонымен қатар қазіргі кезде отандық бизнестің сақталып қалу мәселесі өткірленіп тұрғанын және мұндай жағдайда Кәсіпкерлер палатасының қашан да әзірлікте болып, бизнес ортада туындаған кез‑келген түйткілді шешудің барлық мүмкін жолдарын ұсынуы қажет екенін баса көрсетті. Фото:palata.kz

Похожие материалы