Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ерболат Досаеев: инфляция дәлізін 6-8% деңгейінде сақтауға алғышарттар дайындалған

Ерболат Досаеев: инфляция дәлізін 6-8% деңгейінде  сақтауға алғышарттар дайындалған

Қазақстан үкіметінде 2016 жылғы инфляция деңгейін 6-8% көлемінде ұстап тұру үшін алғышарттар дайындалған. Бұл жоспарланған мәселе, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«Осы жылы біз Ұлттық банкпен біргіп инфляция деңгейін бұдан бұрын жария етілген 8% көлемінде сақтап тұру үшін барлық максималды шараларды қолданамыз. Бұған қатысты алғшарттар құрылған" - деді Е. Досаев.

Ол өткен жылы инфляция деңгейі жоспарланған 8-10% көлемнен асып, дәліз көрсеткіші 13,6% болғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл тауар бағаларының соңғы 3 айда тез көтеріліп кетуімен байланысты.

«Бізде азық-түлік емес тауарлардың құны 22%-ға артты. Бұл импорт бағасының өсуіне қатысты болып отыр. Азық-түлік тауарларының 10,6%-ға қымбаттады. Ал ақылы қызмет пен монополия қызметтерін біз төмен ұстап тұрдық", - деді ол.

Фото: liter.kz

Похожие материалы