Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарттар үйінде тұратындарға зейнетақылары толық берілмейтін болады

Қарттар үйінде тұратындарға зейнетақылары толық берілмейтін болады

Қарттар үйінде тұратын зейнеткерлер енді ақшаларына толықтай ие бола алмайды. Зейнетақыларының көп бөлігі енді қарттар мекен ететін мекеменің есебіне түсіп отыратын болады деп хабарлайды YK-news.kz.

2015 жылдың соңында Қазақстанның "Зейнетақымен қамтамасыз ету" және "Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты берілетін жеңілдіктер" туралы Заңдарына өзгеріс енгізілді. Қарттар үйінде, мүгедектер үйінде немесе сол секілді мекемелерде тұратындар толықтай мемлекеттің қамқорлығында өмір сүріп жатыр. Бұрын зейнетақы толықтай өз қолдарына берілетін. 2016 жылдың қаңтар айына бастап аталған тәсіл өзгеретін болады. Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен тылда еңбек еткендер үшін барлығы бұрынғыдай болып қала береді. Ал, ай сайын әлеуметтік көмек алатын басқалары үшін ақшаның тек 30 пайызы ғана қолына берілетін болады. Зейнетақының қалған бөлігі өзі тұратын мекеменің есебіне аударылады. Бұл ретте ең төменгі күнкөріс деңгейі де есепке алынды. Соған сәйкес, қолына берілетін ақша 22 859 теңгеден аз болмауы керек. Заң бойынша, келіп түскен қаражатты мекеме қамқорлығындағылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмсауы тиіс.

Похожие материалы