Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы 399 мыңнан астам азамат бала туылуына байланысты жәрдемақы алды

2015 жылы 399 мыңнан астам азамат бала туылуына байланысты жәрдемақы алды

«Балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңға сәйкес 2015 жылы 399,1 мың азаматқа бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы берілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 27,3 млрд. теңге жұмсалды. Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін жәмдемақы мөлшері 62 255 теңгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 103 758 теңге төленеді. 2016 жылы бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 30,9 млрд. теңге қарастырылған. Фото:mamapedia.com.ua  

Похожие материалы