Экономика
IT, Технология
Бірқатар елдерде App Store қосымшалары қымбаттайтын болады
Валюта курсының өзгеруіне байланысты бірқатар елдерде App Store қосымшалары қымбаттайтын болады. Бұл жөнінде Apple компаниясының қосымша жасаушыларға арналған хатында жазылған деп хабарлайды «Лента.ру».
Бағалардың өзгеруі Ресей, Канада, Израиль, Мексика, Жаңа Зеландия, Сингапур және Оңтүстік Африкада орын алатын болады. «Алдағы 72 сағат ішінде аталған аймақтарда қосымшалардың бағасы өсетін болады.
Бағдарламалардың құны Ресей жерінде 59 рубльден 79 рубльге, 119 рубльден 149 рубльге, 199 рубльден 229 рубльге көтеріледі. Қосымшалардың ең арзан деген түрі 15 және 29 рубль тұрады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша, ресейлік App Store-дың үздік 25 қосымшаларының ішінде «Афиша-Рестораны» және «Рамблер.Почта» кірген. «Афиша-Рестораны» рейтингте 15-орнынға, «Рамблер.Почта» болса, 24-орынға жайғасқан. Қос қосымша да тегін тарайды.