Экономика
Талғат Мұсабаев Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы өкілеттік мерзімге тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Т.Мұсабаевтың қысқаша өмірбаяны:
- 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.
- 1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.
- 1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.
- 1975—84 жж. — әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметінде жұмыс атқарған.
- 1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.
- 1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.
- 1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.
- 1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.
- 2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.
- 2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.
- 2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
- 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.
- 2007 ж. сәуірдің 11-інен — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.
- 2014 ж. тамыздың 13-інен Үкімет басшысының азаматтық авация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі.
- 2014 ж. тамыздың 21-інен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы болды.
Фото:kapital.kz