Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Серік Сыдықов Сенат Аппаратының Басшысы болып тағайындалды

Серік Сыдықов Сенат Аппаратының Басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Сенат Аппаратының Басшысы болып Серік Сламжанұлы Сыдықов тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

С.Сыдықов 1962 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Қазақстан Республикасы Парламентінде 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сенат Аппараты Құқықтық сараптама бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, Сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Сенат Аппараты Басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. «Құрмет» орденімен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен марапатталған, деп жазылған хабарламада.

Похожие материалы