Экономика
2016 жылы инвестицияларды қайда салған жөн?
Дағдарыс кезінде де миллиардтаған ақша табуға болады. Әлем тарихында байып кеткен инвесторлардың мың-сан оқиғасы бар. Керегі - салым саларда жақсылап ойланып, құралдарды дұрыс таңдай білу. Осы жылы инвестицияларды қайда салған жөн? Сарапшылар кеңесін ұсынамыз.
«Қалай дегенмен, инвестиция тұрғысынан алып қарағанда көпшілікті қызықтыратыны - мұнай. Бағасы нөлден төмен болмайды. Тіпті барреліне 20 доллардан артыққа түспейді. Және келесі бір жағынан алып қарасақ, 50 долларға дейін көтерілсе, өсім 70% болады. Демек, тәуекел мен табыстың өзара қатынасы жоғары. Әйтсе де, уақыт аралығы кем дегенде бір жарым жылдай болуы керек», – дейді FOREX CLUB сарапшысы Валерий Полховский.
Қымбат металдарға қатысты айтары - жақсы табыс әкелетіні алтын деп отыр. Бір троя унциясы үшін 900 доллар шамасында болуы ықтимал. Бұл өндірістің таза бағасына өндіруші компанияның тиімді нормасын қосқан құнына шамалас. Тарихтағы максимумдар 1900 доллар екенін және алтынның үнемі жаңа максимумдарға оралып отыратынын ескерсек, бұл өзі өте қызық әрі ұзақ мерзімді потенциалды көрсетеді. Бұл мерзімі 3-5 жылды қамтитын идея.
Шетел валюталарына қатысты инвестициялар жөнінде сарапшы доллардың басым екенін атап өтті. «ФРЖ қаржы-несиелік саясатты қаталдата бастады. Бұл болса нық тұрып алуға мүмкіндік. Мұнай бағасы құлдырап біткен сәтінде ресей рублінің күні жүретін болады», – дейді Валерий Полховский.
Қор нарығында ресейдің және американың компанияларына деген қызығушылық көп дейді сарапшы. «Америкалық компанияларды баға өзгерісі тарихи максимумдардан кем дегенде 10 пайызға төмендеген сәтте ғана алған дұрыс. Себебі, олардың бағасы бүгінде өте қымбат. Ресей компанияларын болса, 2016 жылы мұнай бағасы "түбіне жетті-ау" дегенде барып сатып алуға кеңес береміз», – дейді FOREX CLUB сарапшысы.
"ФИНАМ" инвестициялық холдингінің сарапшысы Богдан Зварич жылдың бірінші жартысында негізгі салымдарды шетел валюталарына салған жөн дейді. Соның ішінде, доллардың бәсі жоғары. «Олай дейтініміз, алғашқы жарты жылдықта мұнай бағасы сол төмен күйінде тұрады. Бұл болса, теңгенің одан әрмен әлсірейтіндігін көрсетеді. Соның әсерінен доллар бағамы 400-ге таяп қалуы мүмкін», – дейді сарапшы.
«Қазақстан нарығына серпіліс жылдың екінші жартысына қарай келеді деп ойлаймын. Ол кезде энергия тасымалдаушылар нарығы өсіп, жаңа толқынды бастауына болады. Энергия тасымалдаушылар нарығына жаңа кен орындарын ашуға салынатын инвестициялардың төмендеуі әсер етеді. Ол болса, өндіріс көлемін азайтуға әкеліп соғады. Нәтижесінде, компаниялар өндіріс көлемін ретке келтіре алмай, сұраныс қысқарады. Осылайша мұнай бағасы қалпына ақырын келе бастайды. Жыл соңына қарай шамамен, барреліне 55 доллар болуы мүмкін. Осы ретте мұнай-газ және банк секторына деген қызығушылық өседі деуге болады. Ұлттық валюта тұрақтанғанда банк секторына да жол ашылады», – дейді Богдан Зварич.