Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Казком 2 мыңға жуық қарыз алушының несиесін жеңілдетті

Казком 2 мыңға жуық қарыз алушының несиесін жеңілдетті

Казком ипотеканы қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламаның аясында 2 мыңға жуық қарыз алушының несиесін жеңілдетті. Бұл туралы банк баспасөз қызметі хабарлады. 

Банк Қазкоммерцбанктің, БТА Банк және БТА Ипотека ипотекалық займдар бойынша қайта қаржыландыруға келіп түскен 4 452 өтінімнің 3 102-сын мақұлдады, соның ішінде 1 933 ипотекалық кредитті банк 8,6 млрд теңгеге қайта қаржыландырды. "Ипотеканы қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарлама аяқталғанға дейін, яғни ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін Қазкоммерцбанктің, сондай-ақ бұрынғы БТА Банк және БТА Ипотеканың барлық қарыз алушыларына жеңілдетілген ақша қолжетімді болып, олардың қарыздары қайта қаржыландырылады", - деп түсіндірді Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Әділ Батырбеков. Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін қарыз алушылардың санын арттыру үшін Казком әрдайым басқа да қатысушы банктермен бағдарламаны әзірлеуші – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен өзара әрекеттесе отырып, қайта қаржыландыру шарттарын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын енгізуде. Сондай-ақ, Банк ипотекалық қарыз алушылардың қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, қарызды өтей алмайтын клиенттердің мәселелерін жете талқылап, әр клиент бойынша әрекет етудің жеке жоспарын ұсынып келеді. Ипотеканы қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламаның шартына сәйкес келмейтін қарыздарды банк жеке түрде қарастырады. Фото:forbes.kz

Похожие материалы