Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Д.Ақышев: Ұлттық банк шетел валюталарымен болатын операцияларға шектеу қоймайды

Д.Ақышев: Ұлттық банк шетел валюталарымен болатын операцияларға шектеу қоймайды

ҚР Ұлттық банкі шетелдік валютамен операция жүргізуге шектеу қоймайды. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз конференциясында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Біз шетелдік валютамен болатын қолма-қол операцияларға және депозиттен қаржы шешуге ешқандай шектеу қоймаймыз. Бұны жоспарлап та отырған жоқпыз. Бұл заңнама бойынша және Қазақстанның валюта қорын либерализациялау және тартымды инвестициялық климат жасау аясында қабылданған халықаралық міндеттемелер бойынша мүмкін емес. Бұдан бұрын айтқанымдай, қаржы және валюта нарығын тұрақтандыру мәселесі халық есебінен шешілмеуі керек», - деді ол.

 ҰБ басшысы айырбастау пунктерін жабуды жоспарланбағанын атап өтті. Сондай-ақ, 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап теңгедегі депозиттердің  мөлшерлемесі 10%-дан 14%-ға өсетіні белгілі болды, екінші деңгейлі банктерде доллардың мөлшерлемесі екі пайызға төмендеді.

Айта кетейік, 21 қаңтарда Қазақстан қор биржасының валюта курсына қатысты таңғы сауда кезінде доллар бағамы 383,23 теңгені құрады.

Фото: nur.kz

Похожие материалы