Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Saxo Bank: Теңге әлі де құлдырауын жалғастырады

Saxo Bank: Теңге әлі де құлдырауын жалғастырады

Saxo Bank сарапшысы Джон Хардидің ойынша, түбегейлі өзгерістер болмай девальвацияға ұшыраушы валюта үшін ең төменгі бағамды айту мүмкін емес. Таңертеңгі сессияның қорытындысы бойынша, доллардың бағамы 379,86 теңгені (-4,9 теңге) құрады. Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана доллар 390 болып қымбаттап кеткен еді. Сарапшының айтуынша, теңге әлі де құлдырауын жалғастырады.

"Теңге әлі де құлдырай береді. Егер мен қазіргі таңда кемі бір жылға бизнес келісім жасасатын болсам, бағамды шамамен 440 теңге етіп есептер едім. Девальвацияға ұшыраушы валюта үшін нақты осыған келіп тіреледі деп болжам жасау мүмкін емес. Ол үшін түбегейлі өзгеріс орын алуы тиіс. Қандай өзгеріс десеңіз, ел экономикасының қайтадан өсуі, мұнай және өзге де шикізат тауарларының бағасы көтерілуі секілді. Экономикалық даму мен өсу теңгенің аяққа нық тұруы үшін өте қажет", - дейді сарапшы.

Үкіметтің Қазақстан экономикасын долларсыздандыру туралы жоспарына қатысты Харди бұл бастаманың ел үшін қиынға соғатынын айтты.

Сарапшы Әзірбайжан, Түркіменстан мен Тәжікстандағы валюта айырбастау ережелерін қаталдатуға қатысты да пікірін айта кетті. Оның айтуынша, бұл әдіс биліктің әлсіздігін көрсетеді және тек шарасыз жағдайда ғана қолданылады.

Осыған дейін хабарланғандай, Қазақстанда шетел валютасына қатысты шектеулер енгізілмейді. Бұл жөнінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

Похожие материалы