Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

5 жылда "Ақтөбе" футбол клубына 13 млрд теңге жұмсалған

5 жылда "Ақтөбе" футбол клубына 13 млрд теңге жұмсалған

5 жыл ішінде "Ақтөбе" футбол клубы облыс тарапынан 13,4 млрд теңгеге қаржыландырылған. Аталған сомадағы қаржы тең емес дәрежеде бөлініп, тиімсіз жұмсалған. Клубтың қаржылық жағдайын тексерген прокуратура тексерісі осындай нәтиже көрсетті деп жазады Kapital.kz.

Мысалғы, Италиялық ойыншы 2014-2015 жылдар аралығында 334 млн теңге жалақы алған. Бұл 160 орындық жаңа дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысына жұмсалған қаржыға қарағанда әлдеқайда көбірек. Айта кетейік, кешен 2015 жылы Алға қаласында пайдалануға берілді. Жалпы көлемі 1109 шаршы метр, құрылыс жұмыстарының құны келісім шарт бойынша 262 млн теңгені құрайды. Командадағы видеооператор мен физиотерапевтің соңғы бес жылдағы жалақысы үшін 183 млн теңге жұмсалған. Ал өткен жылы футбол клубына облыстық қазынадан 2 млрд теңге бөлінді деп хабарлайды Ақтөбе облысының прокуратурасы басқармасының басшысы Маратбек Мырзамұратов. Оның айтуынша, аталған қаржы жергілікті спортшылардан жаңа ойыншылар тәрбиелеп шығарып, аудандарда дене шынықтыру сауықтыру орталықтарын салуға жетеді. Айта кету керек, соңғы 5 жыл ішінде негізгі құрамаға жергілікті тәрбиеленушілерден санаулы ойыншылар ғана өтті. Ал қаржының көп бөлігі сырттан келген ойыншыларға төленген. Қаржының тиімсіз жұмсалуы туралы мәселені алғашқылардың бірі болып, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көтерген еді. Аталған фактілер және проблемалар бойынша облыс әкімдігіне арнайы хат жіберілді. Фото:mexhuka.ru

Похожие материалы