Экономика
Ресей Украинадан 3 млрд доллар қарызын қайтарып алуға ниетті
Ресейдің қаржы министрлігі Украинадан 3 млрд доллар көлеміндегі қарызын қайтарып алу үшін сотқа шағым түсіруге дайындалып жатыр. "Біз борышкерден еурооблигация бойынша барлық қарызды және шағым түсіруге байланысты шығындардың барлығын қайтарып алуға болатындығына сенімдіміз",- деп мәлімдеді журналистерге РФ-ның қаржы министрі Антон Силуанов.
Осыған дейін Давостағы экономикалық форумда Украинаның қаржы министрі Наталья Ересько Украина 3 млрд доллар қарыз бойынша Ресеймен үнемі байланысып отыратындығын мәлімдеді. Германияның қаржы министрі арқылы министрлік кездесу өткізуді де жоспарлап отыр. А.Силуановтың сөзінше, Киев халықаралық валюталық қордың мойындағанына қарамастан Ресейден алынған облигацияларды ресми қарыз деп есептемейді.
"Украина келіссіөздер жүргіземіз деп отырып, тек жеке несие берушілер ұсынған нұсқаны қараймыз деп айта алмайды. ХВҚ Ресей алдындағы қарыздардың ресми екенін мойындап отыр",-дейді А.Силуанов. Оның сөзінше, Ресейдің қаржы министрлігі борышкермен келіссөздер жүргізуге дайын және Украина қарыз бойынша коммерциялық несие берушілер ұсынғаннан да артық шарттар дайындауы қажет деп есептейді.
Осыған дейін Ресей Украина қарызын 3 жылға қайта құрылымдауды ұсынған еді. Олардың ұсынысы бойынша, Мәскеу 2015 жылы қарызды талап етпеуге дайын болды. Бірақ алдағы үш жылда Украина 1 млрд доллардан қайтаруы қажет еді.