Экономика
Қытай 60 млрд долларға интервенция жүргізді
Қытай валюта және қор нарығын тұрақтандыру үшін интервенция жүргізуде. Осы аптада Қытай билігі соңғы 4 жылда бірінші рет рекордтық көлемде, 60 млрд долларға интервенция жүргізді деп хабарлайды Bloomberg, Wall Street Journal және CNBC трейдерлердің мәліметіне сілтеме жасап.
Интервенция жергілікті коммерциялық банктерге қысқамерзімді қаржы (репо) беру арқылы жүргізілді. Қытай Орталық банкі тарапынан үлкен көлемдегі қаржы құю
2012 жылдан бергі рекордты көрсеткіш болып табылады.
Осы жылдың қаңтарында бөлінген қаржы 152 млрд долларды құрайды. Сарапшылардың атап өтуінше, қытайлық ОБ дәстүрлі түрде нарықты қолдап отырады. Бұл ақпан айындағы қытайлық Жаңа жылды мерекелеу кезінде банктер тұтынушылық белсенділіктің артуына байланысты қаржы тапшылығын сезінбес үшін жасалып отыр.
Алайда осы жылғы рекордты қаржы көлемі билік әрекеті тек мерекеге ғана байланысты емес екендігін білдіреді. Экономиканың баяулауы, инвесторлар мазасыздығы және елдегі капиталдың сыртқы кетуінен ОБ тек қана интервенция көлемін ұлғайтып қана қоймай, нарықты қолдаудың жаңа формаларын қолдануға мәжбүр болып отыр. "Қытайдың Орталық банкі есептік мөлшерлемені төмендету арқылы монетарлы саясатына өзгеріс енгізбек. Осы арқылы билік экономикаға көмектесіп, жоспарланған табыс мөлшеріне жетпек",- деді Гонконгктағы Bloomberg Intelligence бөлімінің экономисті Филдинг Чен.
Еске сала кетейік, 2014 жылы ҚР Ұлттық банк 22 млрд долларға, 2015 жылы 17,7 млрд долларға интервенция жүргізген еді. Бұл қоғам тарапынан сынға ұшырап, желге ұшқан ақша деп бағалаушылар көп болды.
Фото:dengi-info.com