Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Семейде тегін тауарлар дүкені ашылды

Семейде тегін тауарлар дүкені ашылды

Семейде "Барлығы рахмет үшін" атты дүкен пайда болады. Сауда орнында тұтынушылардан ақша төлеуді қажет етпейді деп хабарлайды қалалық әкімдіктен.

Семей тұрғындары өздері қалаған тауарын тек "Рахмет" деген сөзді айтып, ала береді. Бірақ тегін заттар барлығына емес, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және жетім балаларға ғана беріледі. Осындай ерекше сауда орнын жергілікті әкімдіктің қолдауымен Семей қаласының қоғамдық ұйымдары ашып отыр. "Бізді кәсіпкерлер, Іскер әйелдер ассоциациясы, "Бастау" қоғамдық бірлестігі, "Отбасы орталығы", "Білім беруші әйелдер" қорлары қолдады. Біз өзіміз де үйдегі бос жатқан  заттарды әкеліп, бұл жобаға қолдау білдіре аламыз",- деді Семей әкімінің орынбасары Надежда Шарова. Қалада барлығы үш дүкен ашу жоспарланып отыр. Осы орындарда қала тұрғындарынан балалар киімдерінен бастап тұрмыстық заттарға дейінгі тауарлар қабылданады. Фото:avenuesoft.ru

Похожие материалы