Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазТрансОйл мұнайды тасымалдау көлемін азайтты

ҚазТрансОйл мұнайды тасымалдау көлемін азайтты

"ҚазТрансОйл" компаниясы (ҚТО) 2015 жылы мұнайды тасмалдау көлемін 4,7%-ға төмендетті. Көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 3 млн тоннаға азайып, 61 млн тоннаға жетті. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды.

Мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 45 млрд 446 тонна км құрады, бұл жоспарлы межеден 1 млрд 709 млн тоннаға артық, ал 2014 жылдың ұқсас көрсеткішінен 1 млрд 241 тоннаға аз. "Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнайды тасымалдау мен айдаудың көлемі 2015 жылғы қаңтар – желтоқсанда 47 млн 541 мың тонна құрады. Жоспарлы көрсеткішпен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 1 млн 310 тоннаға артып, өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 2 млн 492мың тоннаға азайды. 2015 жылы жеке «ҚазТрансОйл» бойынша жүк айналымы 36 млрд 866 млн тонна км құрады, бұл жоспарлы межеден 1 млрд 474 млн тона км артық, ал 2014 жылдың көрсеткішінен 1 млрд 033 мың тонна км аз", - делінген баспасөз хабарламасында. 2015 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына 14 млн 395 мың тонна мұнай жөнелтілген (бұл жоспарлы межеден 297 мың тоннаға аз және 2014 жылдың көрсеткішінен 668 мың тоннаға азайды). Сонымен, Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) 4 млн 767 мың тонна "ПетроҚазақстанОйлПродактқа" (ПҚОП) – 4 млн 449 мың тонна, Битум зауытына 373 мың тонна, Петропавл мұнай химия зауытына (ПМХЗ) – 4 млн 805 мың тонна  мұнай жөнелтілді.

Сондай-ақ, компания ақпаратына сәйкес, 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап батыс қазақстандық мұнайды ПМХЗ-ға Ресей Федерациясы территориясы арқылы транзитпен Т. Қасымов атындағы МАС – Самара – ТОН-2 – Омбы – ПМХЗ бағыты бойынша бірінші рет тасымалдаулар басталды.

"Осылайша казақстандық ресурстарды иемденушілері мұнайды ПМХЗ-ға қосымша бағытпен айдауға мүмкіндік алды. Жеткізілімдердің ең басынан бастап және де 2015 жылдың аяғына дейін берілген бағыт бойынша 50 мың тонна мұнай тасымалданған болатын", - делінген ведомство хабарламасында.

Похожие материалы