Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазкоммерцбанк несие рейтингі төмендеген соң жеке капиталын ұлғайтатыны туралы жария етті

Қазкоммерцбанк несие рейтингі төмендеген соң жеке капиталын ұлғайтатыны туралы жария етті

"Қазкоммерцбанк" АҚ капиталды ұлғайту, активтердің тиімділігі мен қайтарымын арттыру мақсаттағы жұмыстарды жалғастырып, капиталды оңтайландыруға бағытталған шараларды әзірлеп жатыр. Сондай-ақ, реттеуші орган қажет деп жатса, акционерлер банктің капиталдандыруын күшейтуге дайын, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өткен аптада Fitch Ratings агенттігі қазақстандық банктерге қатысты бірқатар рейтингтік әрекеттерді қолданған болатын. Осы кезде Қазкоммерцбанктің рейтингісі бір қадамға, яғни «В-»-дан «ССС» төмендетілген еді. Рейтинг агенттігінің пікірінше, теңгенің құнсыздануы мен қазақстандық экономиканың даму екпінінің төмендеуі банк активінің сапасы мен капиталдануына қысым көрсеткен.

Банктен хабарланғандай, халықаралық рейтинг агенттігінің пікірі мен рейтингтердің кез келген өзгерісі банктің халықаралық құнды қағаздарын ұстаушыларына арналған. "Қазкоммерцбанктің сыртқы берешектің көлемі 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан кейін 10 млрд АҚШ доллардан артық төмендетілді және бүгінгі күні 2 млрд АҚШ долларын құрайды. Ал берешекті өтеу жыл сайынғы кестесі ыңғайлы әрі 2022 жылға дейін құралған. 2015 жылы банк шамасы 300 млн долларды өтеді, ал 2016 жылы қарызды өтеудің көлемі шамасы 450 млн АҚШ доллары құрайды деп жоспарлануда. Бүгінгі күндері өтімді активтердің көлемі шамасы 2 млн АҚШ долларды құрады", - делінген банктің баспасөз хабарламасында.

Қазкоммерцбанк - елдегі жүйе құраушы ірі банктердің бірі. 2015 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша актив тұрғысына нарықтың ең үлкен үлесі банкке тиесілі - 21,2%, депозиттер бойынша - (21,1%), сондай-ақ жеке тұлғалардың салымдарды бойынша - 20,6%. Банктің инфрақұрылымы дамыған банкоматтар – нарықтағы үлесі 23,5% мен ПОС терминалдар - нарықтағы үлесі 45,2% желісімен ұсынылған.

Фото: kapital.kz

Похожие материалы