Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Израиль Түркияға "Ислам мемлекетінен" мұнай сатып алып жатыр деген айып тақты

Израиль Түркияға "Ислам мемлекетінен" мұнай сатып алып жатыр деген айып тақты

Израильдың қорғаныс министрі Моше Яалон 27 қаңтар күні "Ислам мемлекетінің" содырлары мұнай жеткізгені үшін Түркиядан біраз уақыттан бері ақша алып жатыр деп мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап, РБК хабарлайды.

"Өздеріңіз білетіндей "Ислам мемлекеті" мұнай үшін алынған түрік ақшаларын қолдануда. Мен бұл жағдай тоқтатылады деп үміттенемін", - деді М. Яалон әріптесі Панос Камменоспен Афинада кездесуден кейін.

Өз кезегінде Граекияның қорғаныс министрі Панос Камменос та ИМ-нен мұнайдың көп бөлігін Түркия сатып алады деп есептейді.

"ИМ террористері сатып жатқан мұнайдың көп бөлігі Түркия арқылы өтеді. Түркия сатып алады. осылайша түріктер ИМ-ды қаржыландырып отыр. Мүмкіндігінше, Түркия өінің қарым-қатынасын өзгертіп, террористермен ынтымақтастық жасамағаны, өңірде проблема тудыратын әрекеттерге бармағаны дұрыс болар еді. Оның орнына ЕО қаржысын пайдалануды және өз пайдасы үшін Кіші Азия жағалауындағы босқындар ағынын тоқтатқаны жөн", - деді ол.

Конфронтация жылдарынан кейін М.Яалонның жасаған мәлімдемесі алдағы уақытта Түркия мен Израильдің қарым қатынасына әсер етуі мүмкін. Ал кейбір израильдік саясаттанушылар бұл жағдайды "өңірлік салқын соғысқа" балап отыр.

Фото: rbc.ru

Похожие материалы