Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Facebook 2015 жылы рекордты табысқа қол жеткізді

Facebook 2015 жылы рекордты табысқа қол жеткізді
Facebook компаниясы 2015 жылдың төртінші тоқсанындағы табыс көлемі 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 50%-ға өскен. Оның ақшалай түсімі 5,8 миллиард долларды құраған деп хабарлайды Би-би-си. Компанияның таза табысы 1,56 млрд доллар. Бір акциясының құны - 54 цент. Бір жыл бұрын таза табысының көлемі 701 миллион доллар, акция бағасы - 25 цент болған еді. Компания өкілінің айтуынша, әлеуметтік желіні белсенді қолданатындар саны бір жылда 14 пайызға көбейген. Қолданушылардың басым көпшілігі Фейсбукке телефон арқылы кіретіні де анықталды. Ұялы телефонмен кіретіндер саны өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артқан. Компанияға түсетін табыстың 80 пайызы жарнама арқылы келеді.

Похожие материалы