Экономика
Экономика1
Kaz Minerals 2015 жылғы өндірістік қызметін қорытындылады
2015 жылы Kaz Minerals компаниясы құйма түрінде 34,6 мың уницияға алтын және түйіршік түріндегі 3,14 млн уницияға күміс өндірді. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияның ақпараты бойынша, катодты мыс өндірісінің көлемі 81,1 мың тоннаны құрады. Бұл 80-85 мың тонна көлеміндегі жылдық диапазонға сәйкес келеді. Концентраттағы мыстың өндірісі – 89,4 мың тонна. 2015 жылдың 12 айындағы катодты мыстың өндіріс көлеміне Ақтоғай кен орнында тотыққан кеннен өндірілген 0,4 мың тонна катодты мыс та кіреді.
Есепті кезең ішінде компания 14,5 млн тонна кен өндіріп шығарды. Оның 70% немесе 10 млн тоннадан астамы Топтың өркендеу жобаларында, яғни Бозшакөл кенішінде 7 млн тонна кен, және Ақтоғай кенішінде 3 млн тонна тотыққан кен өндірілді. 2015 жылы Топ бойынша мыстың кендегі орташа үлесі 1,10% құрады және бұл көрсеткішке Бозшакөл (0,69%) мен Ақтоғайдағы (0,37%) мыстың кендегі үлесі де кіреді.
12 айдың ішінде Топтың құйма түрінде 34,6 мың унцияға алтын өндірді. Бұл 34-38 мың унция көлеміндегі жоспарланған жылдық өндіріс диапазонына сай. Аталған кезеңде 94,3 мың тонна концентраттағы мырыш өндірілді. Бұл өндірістің 90-95 мың тонна болатын жылдық жоспардың жоғарғы көрсеткіші. Түйіршіктегі күміс өндірісі 3,14 млн унцияны құрап, кендегі күмістің жоғары үлесі мен аяқталмаған өндірістің жиналған шикізаттарын өңдеудің арқасында жоспарлы көрсеткіштен анағұрлым артып түсті.
Сонымен қатар, 2015 жылдың 1 желтоқсанында KAZ Minerals Ақтоғай КБК-да тотыққан кеннен катодты мыс өндірісін бастады, жылдың аяғына қарай өндірілген катодты мыстың көлемі 0,4 мың тонна болды. Катодты мыс өңдеу жөніндегі кешен жарты жылдың ішінде жылына 15 мың тонна көлеміндегі өндірістік қуатына жетеді деп күтілуде. Тотыққан кенді өндіру және қайта өңдеу 11 жыл бойы жүргізіледі. Жобада сульфидті кенді өңдейтін кен байыту фабрикасының құрылысы жалғасып келеді. Сульфидті кеннен мыс концентратын өндіру кестеге сәйкес 2017 жылы басталады.
Фото: radiotochka.kz