Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы 5,11%-ға көтерілді

Мұнай бағасы 5,11%-ға көтерілді

ОПЕК-тің кезектен тыс отырысында Сауд Арабиясы Ресеймен бірге мұнай өндірісін азайту туралы мәселені талқыламақ. Ал РФ Энергетика министрі Александр Новак ресейлік делегация аталған мәселеге қатысатынын мәлімдеді. Осыдан соң еуропалық мұнайдың бағасы жыл басынан бері алғаш рет барреліне 36 долларға бағаланды, деп хабарлайды vestifinance.ru.

А. Ноавктың сөзінен соң Лондон биржасындағы Brent маркалы мұнайдың наурыз айына арналған жеткізу құны барреліне 36 доллар болды, бірақ біраз уақыттан соң баға белгіленімі қайта түсті.

Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерс бағасы 5,11%-ға немесе 1,7 долларға қымбаттап, барреліне 34,79 долларды құрады.

Ал америкалық  WTI мұнайы  Нью-Йорк биржасында 34 долларға қымбаттап, кейінірек 33,93 долларға бағаланды (+$1,63, немесе +5,05%).

Осыдан кейін "Транснефти" басшысы Николай Токарев компаниялардың өтініші бойынша экспорт көлемін 6%-ға азайту жоспарланып отырғанын мәлімдеді. "Жазда кестені реттеуге келісім жасадық, себебі компаниялар мамыр-маусым айында шикізатқа қатысты жоспарларын анықтайды", - деді ол. Ал Сауд Арабиясы мұнай өндіруші елдерге қара алтыны өндіруді 5%-ға төмендетуі ұсынып отыр.

Фото: vestifinance.ru

Похожие материалы