Экономика
Қазақстан автоөндірушілері 2020 жылға қарай жұмыс орындар санын екі есеге арттыруды жоспарлауда
Қазақстан автоөндірушілері 2020 жылға қарай автомобиль өнеркәсібіндегі жұмыс орындар санын 25 мыңнан 50 мыңға дейін арттыруды жоспарлауда, деп хабарлайды Қазақстанның авто бизнес қауымдастығы (ҚАБҚ).
Бұл сонымен қатар, жарты миллионға жуық өзге сала жұмыскерлерін де қамтамасыз етеді, делінген хабарламада. ҚАБҚ ақпараты бойынша, зауыттағы бір жұмыс орны қызмет көрсету, сату, логистика, сақтандыру, жарнама және автобөлшектерді шығару сынды 15 ілеспелі өзге жұмыс орындарына жұмыс береді.
Қазіргі таңда, Қазақстанда өндірілетін жергілікті коммерциялық және арнайы көлік құралдарының үлесі 50% -ды құрап отыр.
Сондай-ақ, хабарламада 2018 жылдың ортасына дейін өнеркәсіптік өндіріс режимінде жұмыс істейтін, барлық автоөндіруші өнеркәсіптер 50%-дық оқшаулану деңгейіне жетуі керек делінген. Ал жетпеген жағдайда отандық автоөндірушілер ЕАЭО нарығына шыға алмайтын болады.
Фото:today.kz