Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Айырбастау бөлімшелерінде желтоқсанда 1,7 миллиард доллар сатылған

Айырбастау бөлімшелерінде желтоқсанда 1,7 миллиард доллар сатылған

2015 жылдың желтоқсан айында айырбастау бөлімшелерінде сатылған доллар көлемі 1,1 миллиард доллардан 1,7 миллиард долларға өскен. Яғни, содан бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда доллар саудасы 600 миллион долларға көбейген. Ranking.kz сараптама қызметіндегілердің айтуынша, осымен үш ай қатарынан шетел валютасының саудасы айына 700 миллион доллар көлемінде болып келе жатыр.

Тұрғындардың долларды ең көп сатып алған сәті - 2014 жылдың желтоқсан айына тиесілі. Ол кезде айырбастау бөлімшелерінен 4 миллиард доллардан астам қаражат сатып алынған. 2015 жылы шетел валютасы ең көп сатып алынған ай ретінде 2,1 миллиард доллар сатылған сәуір айы есте қалған. Шілдеде - 1,8 миллиард доллар. Айырбастау бөлімшелерінде сатылымның саябырсыған кезі мамыр айында тіркелген. Ол кездегі көлем - 1 миллиард долларға сәл жетпейтін сома. 12656082_768637613266585_1142029317_o "2015 жылы америкалық валюта сатылымының көлемі 0,6 - 0,8 миллиард доллар шамасында сақталған",  - дейді сарапшылар. Ал, еуро сатылымы болса осымен төртінші ай қатарынан қысқарып келеді. Өткен жылдың желтоқсанында 90,1 миллион еуро сатылса, содан бір ай бұрын, яғни қарашада - 90,5 миллион еуро сатылған еді. Еуро сатып алуда да аздаған төмендеулер байқалады. Бұрынғы 42, 6 миллион еуродан 42 миллион еуроға төмендеді.  12637134_768637603266586_1871642192_o Негізінен, еуро сатылым динамикасы доллармен ұқсас болды. Максимал шама сәуір айында (113 миллион еуро), шілдеде (127 миллион еуро). Минимал көлемдер - мамырда (87 миллион еуро) тіркелген. Сондай-ақ, еуродан қайта теңгеге ауыстыру наурызда (66 миллион еуро) және тамызда (56 миллион еуро) көбірек белең алды. "Мамырда теңгенің күрт құлдырауы мүмкін болған кезде рубль сатылымы шамамен 3 есеге қысқарған болатын: ақпандағы 29,5 миллиард рубльден 11,1 миллиард рубльге төмендеді. Теңгенің еркін айналымға жіберілуінен соң рубльге деген сұраныс та азайды. Желтоқсанда 13 миллиард рубль сатылды", - деген қорытынды жасады сарапшылар. 12648099_768636609933352_143553431_n

Похожие материалы