Экономика
Экономика1
Н.Назарбаев: 2018 жылы Қазақстан нарығы отандық мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілуі тиіс
2018 жылы Қазақстан нарығы отандық мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілуі тиіс, деп мәлімдеді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. «2018 жылы біздің отандық нарықты отандық мұнай өнімдері бензинмен, дизель отынымен, авиакеросинмен және газбен толық қамтамасыз етуді тапсырдым. Барлық мүмкіншіліктер бар және біз осы бағытта жұмыс істеудеміз», - деді ол «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII партиясында сөйлеген сөзінде. Елбасы еске салып өткендей, ірі кен орны Қашағаннан коммерциялық мұнай өндіру басталады деп күтілуде. Бұдан өзге, оның айтуынша, «Қара теңіз арқылы мұнай экспорттау үшін Каспий құбыры консорциумын кеңейту қажет».
«Біздің Теңізшевройды кеңейту де қосымша өндірілген көлемді береді. Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының құрылысы аяқталады», - деп атап өтті Н.Назарбаев.Елбасының сөзінше, 2021 жылға қарай Қазақстан жыл сайын 92 млн тонна мұнай өндіретін болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы еліміз 79,5 млн тонна шикі мұнай мен газ конденсатын өндірген болатын.
Фото: kerek-info.kz