Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Д.Ақышев: Екінші деңгейлі банктердегі қосымша өтімділік 140 млрд теңге деңгейінде болады

Д.Ақышев: Екінші деңгейлі банктердегі қосымша өтімділік 140 млрд теңге деңгейінде болады

ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктердегі қосымша өтімділік 140 млрд теңге деңгейінде болады деп болжауда. Бұл туралы банк төрағасы Данияр Ақышев Шымкент қаласында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Банктердің өтімділігін қолдау және олардың кредиттік белсенділігін арттыру аясында Ұлттық банк ең аз резервтік талаптар механизміне өзгерістер енгізді. Банктерді ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау үшін қолма-қол ақшаны пайдалануға шектеген талаптар жеңілдетілуде. Осыған байланысты банктерде 140 млрд теңге мөлшеріндегі қосымша өтімділік болады, деп болжаймыз» - деді банк төрағасы.

ҚР ҰБ деректері бойынша, 2015 жылдың соңында Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 28,1 млрд доллар болды. Ал Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда елдің халықаралық резервтері, 91,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұдан бұрын 2007 жылдың соңында елдің жалпы резервтері 38,6 млрд доллар болған.

   

Похожие материалы