Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк жүргізген интервенция көлемі қаңтар айында 57,7 млн долларды құрады

Ұлттық банк жүргізген интервенция көлемі қаңтар айында 57,7 млн долларды құрады

2016 жылдың қаңтар айында Ұлттық банктің жүргізген интервенция көлемі 57,7 млн долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«Ұлттық Банк валюта нарығына қатысуын барынша азайтты. ҰБ-ның 2016 жылғы қаңтарда валютаны сату түріндегі интервенциясы $57,7 млн немесе сауда-саттықтың жалпы көлемінен 2,48%-ын ($2 322,2 млн) құрады», - деді банк төрағасы Шымкент қаласында өткен баспасөз конференциясы барысында.

Сондай-ақ, ол теңгенің айырбастау бағамыны сыртқы факторлар мен қоса  ішкі факторлардың ықпалына қарай да айқындалатынын айтты. "Мысалы жыл басынан бері мұнайдың әлемдік бағасы 8,2%-ға төмендеді, Ресей рублі де 6,6%-ға әлсіреді», - деді Д.Ақышев.

Оның айтуынша, теңге бағамына ішкі факторлар да, тұрғындар мен банктердің күтулері, бюджет қаражатының қозғалысы және салықтар төлеу кезеңдері де әсер етеді.

«Қазіргі уақытта бағамның жуық арада айтарлықтай өзгеру ықтималдығы аз деп бағалаймыз. Қазақстанның төлем балансы тұрғысынан жағымсыз сценарийлер іске асырылып қойды», - деді Ақышев.

Фото: liter.kz

 

Похожие материалы