Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

35 жастан асқан әйелдер онлайн қарыз алуға бейім

35 жастан асқан әйелдер онлайн қарыз алуға бейім

Алматы. 22 желтоқсан. 7kun.kz - Онлайн микро қарызды көбіне 35 жасқа дейінгі ерлер пайдаланатыны анықталған. Сондай-ақ аталған қызмет түрін 35 жастан асқан әйелдер жиі пайдаланады екен. Мұндай зерттеуді бірінші несие бюросымен бірлесе отырып «Робот Займер» қызметінің мамандарымен жүргізілген.

2016 жылдың сәуір және қараша айларында жалпы рәсімделген қарыздың 40,49%-ы әйел адамдарға тиесілі болды, қазақстандықтардың интернет-несиеге қызығушылығы жас көрсеткіштерінің ұлғаюы олардың жасына да байланысты екен.  Мысалы онлайн-қарызды рәсімдеген 18-24 жастағы әйел жынысты қарыз алушылардың үлесі - 39, 40%, ал 25-34 жастағы категорияда бұл көрсеткіш 43,40% құрады, 35-44 жастағы қарыз алушылардың үлесіне несиенің 54%-ы тиесілі. Рәсімделген қарыздар бойынша ең жоғарғы көрсеткіш  45 жастан жоғары әйелдердің үлесінде - 62%. Ал ерлерде онлайн қарыз алу керісінше, жасының ұлғаюына қарай қызығушылықтың төмендегені байқалған. Сонымен, 18-24 жастағы ер жынысты қарыз алушылардың үлесіне рәсімделген қарыздың - 60,60% тиесілі, 25-34 жастағы ер кісілердің үлесі 56,60%, 35-44 жастағылар - 46%, ал 45 жастан жоғары ер кісілер рәсімдеген қарыз үлесі 38%-ды құраған. Сондай-ақ, гендерлік белсенділікте ер адамдардың өкілдері көшбасшылық еткен, олардың үлесіне барлық рәсімделген қарыздың 53,60% тиесілі, бұл әйелдерге қарағанда 7,2%-ға артық. «Біз осы қызықты үрдіспен байланысты екі себепті болжай аламыз: біріншіден, әйелдер заманауи технология онлайн-несиелеуді игере бастаған, екіншіден ерлердің 35 жастан асқандарының табысы озық өсіп келеді, бұл олардың онлайн микро қарызды пайдаланудағы қажеттіліктерін төмендетеді» - деп атап өтті «Займер» ЖШС бас директоры Индира Кенесарина.

Похожие материалы