ForteBank-тің Директорлар кеңесі 2016 жылдың 30 қаңтарында анктің директорлар кеңесі Тұяқбаев Ерлан Төлегенұлын банк басқармасының мүшесі – банк басқармасы төрағасының орынбасары ретінде 2018 жылдың 31 қаңтарына дейін өкілеттік мерзімімен сайлау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
"Тұяқбаев Ерлан Төлегенұлы банк басқармасының мүшесі – басқарушы директор лауазымынан босатылды", -делінген биржа хабарламасында.
Ерлан Төлегенұлы 1962 жылдың 19 қазанында дүниеге келген.
1982-1988 жылдары Қазақ политехникалық институтында оқыды.
1998-1999 жылы – «Банк ЦентрКредит» АҚ бас инженері; 1999-2002 жылы – "Қазақстанның Халық банкі" АҚ, басқарма басшысы, ақпараттық технологияларды басқару жөніндегі басшының орынбасары; 2002-2005 жылы - "Қазақстанның Наурызбанкі", АҚ ақпараттық технология департаментінің директоры; 2007-2010 жылы - «АТФ Банк» АҚ, Алматы, Unicredit group, ақпараттық жүйе департаментінің директоры; 2010-2013 жылы – «Prof IT Global» ЖШС, директор. 2013 жылдан бастап «ForteBank» АҚ (бұдан бұрын «Альянс Банк» АҚ), басқарма директоры қызметінде болды.
Фото: kapital.kz