Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 364,10 теңге болды

Доллар бағамы 364,10 теңге болды

2016 жылдың 5 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 364,10 теңге болды.  Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 363 теңгені құрады. Максималды курс — 365,20 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 363 теңге болды.

Күндізгі сессияда сауда көлемі 4 млн доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 6.

4 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша 5 ақпанға арналған доллардың орташа бағамы 363,34 теңге болды. Ал ақша айырбастау орындарында доллар 364-366 теңгеден сатылып жатыр (Алматы уақытымен 11:30).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы