Экономика
Президент Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректорын орнынан алды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Айқан Ақанов орнынан алынды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
64 жасар А.Ақанов С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ды 2008 жылдың сәуірінен бері басқарып келеді. ЖОО басшысы қызметінен бұрын денсаулық сақтау вице-министрі, Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының басшысы лауазымында болған.
Өткен жылдың соңында ол оқытушылар мен университет студенттеріне зейнет жасына шығуына байланысты қызметінен кететіндігін хабарлаған еді. Осыған дейін Ақанов лауазымын артығымен пайдаланғаны үшін айыпталып, сот 4 млн теңге көлемінде айыппұл салып, 7 жылға дейін мемлекеттік қызметте жоғары лауазымға орналастырудан шеттетілді.