Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еліміздегі мәдени іс-шараларға бөлінетін қаржы қысқартылады

Еліміздегі мәдени іс-шараларға бөлінетін қаржы қысқартылады

Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі үнемдеуді бастады. Өткен жылмен салыстырғанда ведомствоның бюджеті 17,2%-ға азайған. Іс-шараларға арналған шығындар оңтайландырылып, үлкен қаржыны қажет ететін жобалар кейінге шегерілді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлайды. 

"2016-2019 жылға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына сәйкес министрліктің жалпы бюджеті 56 522 млн теңгені құрайды. Бірақ ҚР-ның Республикалық бюджеттік комиссиясы осыған дейін дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген мәдени шараларды қаржыландырудан бас тартты. Олардың арасында Қазақстандағы ұлы тұлғаларға арналған мерейтойлар. халықаралық жобалар бар",-делінген ведомство хабарламасында. Сондай-ақ осы жылы президенттің бұйрығына сәйкес киноөндірісіне арналған шығындар да 31%-ға қысқарды. 2016 жылы отандық кино саласы үшін 2 027 млн теңге бөлінген. Министрліктің атап өтуінше, қаржы "Ұлттық фильмдер өндірісі" бағдарламасы аясындағы киножобаларды аяқтау үшін ғана қарастырылған. Олардың ішінде 8 көркем фильм және 1 анимациялық фильм бар. Оңтайландыру мәдени-бұқаралық, қоғамдық-саяси шараларға және ғылыми, археологиялық зерттеулерге де қатысты. Тарихи-мәдени мұражай-қорықтарда орталықтардың салынуы да келесі жылдарға шегерілді. Дегенмен де кең көлемде аталып өтетін шара бар. Осы жылы Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Министрліктің ұйымдастыруы арқылы елімізде 30-ға жуық әлеуметтік және мәдени маңызға ие шаралар өткізіледі.  Мерекелік шаралар Астанада өтетін салтанатты жиылыс және мерекелік концертпен аяқталады. Ол үшін бюджеттен 35,6 млн теңге бөлінген. Фото:informburo.kz

Похожие материалы