Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен Инновациялық гранттарға байқау жарияланды.
Байқайдың мәні: «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасының шеңберінде ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға мемлекеттік гранттар (жеке бизнесін құру үшін) ұсыну.Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс беру орны: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, индустриалды-инновациялық даму бөлімі, 2 қабат, каб. 220, 219.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшінүміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманыңтолық топтамасын көрсетілген мекенжай бойынша өзі, пошта немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2016 жылғы «1» наурыздан бастап, 2016 жылғы «31» наурызды қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге (жергілікті уақытпен) дейін.
Тапсырыс берудің басталу күні мен уақыты: 2016 жылғы «1» наурыз, сағат 10:00-ден (жергілікті уақытпен) бастап.
Тапсырыс берудің аяқталу күні мен уақыты: 2016 жылғы «31» наурыз, сағат 17:00-ге (жергілікті уақытпен) дейін.
Фото: 123rf.com