Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Тәжікстан мен Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Қазақстан Тәжікстан мен Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Қазақстан Тәжікстан мен Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында мәлімдеді.

Комиссия су тасқыны мен селден зардап шеккен Тәжікстандағы жағдайды назарға ала отырып, Қазақстан Үкіметіне осы елге ресми түрде гуманитарлық көмек көрсетуді ұсынды.Тәжікстанның зардап шеккен аудандарына консервіленген ет және сүт өнімдері, өсімдік майы мен сары май, ұн және макарон өнімдері жеткізіледі.
Сонымен қатар, комиссия 2015 жылдың қараша айында қуатты жер сілкінісі болған Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуді ұсынды. Бұл елге төсек-орын жабдықтарын, жылыту пештері мен қысқы шатырлар жеткізу жоспарланып отыр.

Похожие материалы