Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

KEGOC акциялары 835 теңгеге дейін қымбаттады

KEGOC акциялары 835 теңгеге дейін қымбаттады

KEGOC акциялары IPO-ға шыққаннан бері 65,34%-ға қымбаттады, деп хабарлайды LS.

8 ақпан күнгі Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша компанияның баға белгіленімдері рекордтық көрсеткіш 834,99 теңгеге жетті. Акция бағасы өткен аптадан бері 17%-ға қымбаттады. Сондай-ақ, 5 ақпанда аяқталған KASE сауда апталығының қорытындысында компания индексі 5%-ға артып, 901,6 пунктіні көрсеткен болатын. "Теңгенің нығаюы ішкі нарыққа қолдау көрсетті. Өткен аптада АҚШ доллары 365-тен 363 теңгеге дейін төмендеді. Ал ең төмен сауда көлемі - 400 млн доллардан асты. Әзірше ұлттық валютамызды мұнай мен Ресей рублі қолдаса, жақын арада экспорттаушылардың салық төлемдері қосымша қолдау көрсетуі мүмкін. Ай соңына дейін доллар бағамы 340-350 теңгеге дейін құлдырауы мүмкін", - деп болжады «Асыл-Инвест» сараптама департаментінің директоры Айвар Байкенов. Сарапшылардың айтуынша, өткен апта қорытындысы бойынша,  "ұлттық" акциялар арасында көш бастаған KEGOC (+17%) және "ҚазТрансОйл" (12%) акциялары болды. Айта кетейік, 2016 жылы  KEGOC компаниясының электр желілері бойынша баға белгіленімі 1125 теңгеге өсуі мүмкін, деп  "Фридом Финанс" инвесткомпаниясының  сарапшысы Ерлан Абдикаримов болжаған еді. Фото: caravan.kz

Похожие материалы