Экономика
Выбор редактора
Регионы
Екібастұзда жыл сайын 7 миллион голланд раушандарын өсіретін жылыжай ашылады
Екібастұзда (Павладар облысы, солтүстік Қазақстан) жыл сайын 7 миллион голланд раушандарын өсіретін болады деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев.
"Бірнеше күннен кейін голланд раушандарын өсіретін жылыжай ресми түрде ашылады. Бес гектарда жылына 7 миллион дана гүл өсетін болады. Жылыжай Екібастұз МАЭС-2 қасында орналасқан, қоршаған ортаға жіберілетін барлық артық жылу энергиясы ендігі жерде осы жылыжайда пайдаланылатын болады және үлкен пайдаға жұмсалады", — деді Қ.Бозымбаев сейсенбіде Астана қалассында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, алғашқы гүлдер шамамен бір аптадан соң кесіп алынады.
"Барлық журналистерді қатал Екібастұз қаласына гүл жылыжайы секілді жағымды нысанның ашылуына шақырамын", — деп қосты әкім.
Фото: yvision.kz