Экономика
Қазақстанда дәнді дақылдар мен көкөністер бағасы өсуде
2016 жылдың қаңтары мен 2015 жылдың желтоқсан айларын салыстырғанда қияр бағасы 15,4%-ға, қызанақ бағасы 14,4% -ға өсті. Ал қарақұмық жармасы 5%-ға қымбаттады, деп хабарлайды статистика комитеті.
Қаңтар айындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы өткен айдағы бағамен салыстырғанда 1,2%-ға, өсімдік шаруашылығы 1,3%-ға, мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы 1,1%-ға өсті.
Сондай-ақ, арпа (1%), сұлы (0,8%), жүгері (0,5%), күріш ( 0,3%) дәнді дақылдарының бағасы да қымбаттады.
Көкөністер ішінен сәбіз - 0,7%, орамжапырақ - 0,5%, қызылша мен пияз - 0,2%-ға өссе, картоп бағасы- 0,1%-ға арзандады. Күнбағыс дәнінің бағасы - 1,8%, кептірілген асбұршақ құны 0,9%-ға қымбаттап кетті.
Сонымен қатар, құс еті (2,3%), ірі қара мал (0,6%), қой еті (0,2%) және шошқа еті (2%) қымбаттады. Жылқы етінің бағасы (0,2%) арзандады. Жұмыртқа бағасы 2%-ға, сүт өнімдерінің бағасы 1,2%-ға қымбаттады.
Фото: tsgregion.ru