Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 879,4 млн долларға төмендеді

Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 879,4 млн долларға төмендеді

2016 жылғы қаңтарда Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 879,4 млн долларға, ал таза халықаралық резервтері 875,6 млн долларға төмендеді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"2016 жылғы қаңтарда Ұлттық банк ішкі валюта нарығына барынша аз қатысты. Ұлттық Банктің валюта сату түріндегі өктемдігі 57,7 млн АҚШ долларын немесе сауда- саттықтың жалпы көлемінің 2,48%-ын құрады. Шетел валютасындағы таза активтердің орын алған төмендеуі, негізінен, ЕДБ мен валюталық своптар бойынша нетто- операцияларға (26,9%-ға төмендеді) және ЕДБ-нің Ұлттық Банктегі шетел валютасымен ашылған, оның ішінде пруденциялық және басқа нормативтерді орындау мақсатында ашылған корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың қысқаруына (70,6%-ға төмендеді) байланысты болды",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, баспасөз хабарламасында жазылғандай, банктердің Ұлттық банктегі шетелдік валютадағы корреспонденттік шоттары жоғары өтімділік талаптарына жауап береді және орталық банктің иелігінде, Халықаралық валюта қорының әдіснамасына сәйкес халықаралық резервтердің бір бөлігі болып табылады. Реттеушінің талаптарын орындаған жағдайда банктердің Ұлттық банктегі өздерінің корреспонденттік шоттары бойынша жүзеге асыратын операциялар банктердің инвестициялық саясатында айқындалады. Ұлттық банктің ішкі валюта нарығындағы операцияларына жатпастан, ЕДБ- нің шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың өзгеруі халықаралық резервтер көрсеткішінің өзгеруіне әсер етуде.

Ал таза шетел валютасындағы активтер 1 278,7 млн долларға азайып, алтындағы активтер бағаның 4,8%-ға өсуі және жүргізілген операциялар нәтижесінде 403,1 млн долларға ұлғайды.

Ақша базасы 2016 жылғы қаңтарда 4 722,0 млрд. теңгені құрады. Ақша базасының бір айдағы тарылуы 0,6%-ды немесе 28,4 млрд теңге болды.

Фото: nb.kz

Похожие материалы