Deutsche Bank акциялары 10 ақпан күнгі сауда кезінде 10,1%-ға қымбаттап, 4 жылдан бері баға өсімі алғаш рет рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы vedomosti.ru хабарлайды.
Bloomberg агенттігінің мәліметіне сәйкес, Германиядағы ең ірі банк жеке облигацияларды сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Осылайша, олар инвесторлардың банктің қарызды өтеуге мүкіндігі болмайды деген қауіпін сейілтпек.
Сондай-ақ, Deutsche инвесторлар мен қызметкерлерді қолма-қол төлем бойынша қаржы көлемінің жеткілікті екеніне сендірді. Бұдан бұрын CreditSights сарапшысы Саймон Адамсон Deutsche Bank-тің 2017 жылы облигациялар бойынша купондық төлем жасауға қабілетті екеніне күмән келтірген болатын.
Фото: vedomosti.ru