Экономика
Экономика1
Сәрсенбіде шикізат нарығындағы бағалар төмендеді
10 ақпан күнгі саудада шикізат нарығында бағалар төмендеді. Бұл туралы kursiv.kz жазды.
АҚШ Энергетика министірлігінің ақпараты бойынша, желтоқсан айында Ұлыбритания өнеркәсіп өндірісінің деңгейі қараша айымен салыстырғанда 1,1% -ға төмендеді. Сондай-ақ, шикі мұнайдың қоры 754 мың баррельге азайды. Бұл көрсеткіш өткен аптада 7,8 млн баррельге көбейген еді.
АҚШ нарығындағы алтынның сәуір айында тасымалданатын фьючерстер бағасы 0,33% -ға төмендеп, троя унциясына 1194,6 доллар болды. Наурыз айында тасымалданатын күмістің бағасы 1,48% -ға азайып, троя унциясына 15,282 доларға бағаланды. Ал, сәуір айындағы жеткізілімді қосқандағы платина бағасы троя унциясына 934,2 доллар болып, 0,55% -ға арзандады және палладий фьючерстері наурыз айында жеткізіліммен бірге 1,52% -ға қымбаттап, троя унциясына 524,7 доллар болды. Сонымен қатар, наурыз айында мыс бағасы 0,61% -ға төмендеп, фунтына 2,027 долларды құрады.
Фото: kursiv.kz