Қырғызстанда бензин бағасы 10%-ға арзандады. Бағаның бұлай арзандауын мемлекеттің Мұнай саудагерлері ассоцияциясы әлемдік нарықтағы мұнай құнының арзандауымен түсіндіріп отыр, деп хабарлайды МИР 24.
«Қазіргі уақытта тұтынушылар үшін жанармай нарығында қалыпты жағдай сақталуда. Соңғы 5 жылмен (2011 жыл) салыстырғанда жанар-жағармай бағасының үш ай ішінде 10%-ға арзандауы ең төменгі деңгей болды", - деді Қырғызстанның мұнай саудагерлері ассоцияциясының басшысы Медетбек Керимкулов.
Ассоциация басшысының сөзінше, ақпан ең төменгі бағалар айы және алдағы уақытта бензин бағасы тұрақтылығын сақтайды.
Фото: alau.kz