Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Beeline Қазақстан электронды сандық қолтаңбасы бар SIM-карталарды сатылымға шығарды

Beeline Қазақстан электронды сандық қолтаңбасы бар SIM-карталарды сатылымға шығарды

Beeline Қазақстан Астанада және Алматыда, электронды сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) жазуға арналған SIM-карталарды сатылымға шығарды. Бұл туралы оператордың баспасөз қызметі хабарлады.

"SIM-картада ЭСҚ-ның болуы қазақстандықтарға Қазақстанның мобильді үкіметі мен www.egov.kz электронды үкімет порталы ұсынатын анықтамаларды және қызметті алу мүмкіндігін береді", -делінген баспасөз хабарламасында.

Смартфон қолданушылар мемлекеттік қызметтерді, бүгінгі сәтте iOS және Android платформаларында жұмыс істейтін «Egov» қосымшасы арқылы ала алады, ал қарапайым батырмалы телефон иелері ақпаратты SMS-сауал жолдау арқылы алса болады.

Бүгінгі таңда «Egov» мобильді қосымшасы арқылы қазақстандықтар 80-астам әртүрлі қызметтерге қол жеткізе алады, олардың 30-астамын алу үшін ЭСҚ қажет. Олардың ішінде: мекенжай анықтамасын алу, жылжымайтын мүлігі бар немесе жоқ екені туралы анықтама алу және зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу бар.

Хабарламада айтылғандай, ЭСҚ жазуға болатын Beeline Қазақстан SIM-картасының құны 1500 теңгені құрайды, оның 200 теңгесі абоненттің теңгеріміне аударылады. Егер абонентте Beeline Қазақстан SIM-картасы болса, ол оны криптаплеті бар SIM-картаға ауыстыра алады. SIM-картаны ауыстыру құны 1300 теңге. MNP қызметі арқылы басқа оператордан Beeline-ға ауысқан абоненттер әзірге SIM-картадағы ЭСҚ-ға қол жеткізе алмайтынын айта кету керек.

Фото: time.kz

Похожие материалы