Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғыз депутаты: Қазақстан шекарасында қырғыз азаматтарының құқығы аяққа тапталып жатыр

Қырғыз депутаты: Қазақстан шекарасында қырғыз азаматтарының құқығы аяққа тапталып жатыр

Қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу бекеттері ұзын-сонар кезектен арылмай, қырғыз азаматтарының құқығы аяққа тапталуда. Бұл туралы кеше қырғыз парламентінің отырысында депутат Экмат Байбакпаев мәлімдеді, деп хабарлайды knews.kg.

«Біздің азаматтарымыз күні бойы ұзын-сонар кезекте тұрып, қайыршының күйін кешуге мәжбүр. Ал, біздің көршілеріміз еш кедергісіз өтіп жатыр. Азаматтардың құқығы аяққа тапталуда. Біз ЕАЭО-қа кірдік, бұл мәселені шешу керек. Біз неге мұндай кемсітушілікке төзуіміз керек?»,-деді депутат.

Ол бұл мәселе бойынша салалық құрылым басшысын шақырып, тыңдау өткізу керек деген ұсыныс жасады.

Фото: knews.kg

Похожие материалы