Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Данияр Ақышев Ұлттық банктің тәуелсіздігі туралы сұраққа жауап берді

Данияр Ақышев Ұлттық банктің тәуелсіздігі туралы сұраққа жауап берді

ҚР Ұлттық банк төрағасы онлайн-конференция кезінде Ұлттық банктің тәуелсіздігі туралы сұраққа жауап берді.

Банк төрағасының сөзінше, Ұлттық банктің тәуелсіздігі мемлекеттік биліктің араласуына қарамастан, ақша-несие саясатына байланысты анықталады.

"Ұлттық банк бағыты макроэкономикалық шарттарға яғни ақша-несие саясатының қалай жүргізілетініне, қандай шешім қабылдайтынына байланысты қалыптасады. Осыған орай, Ұлттық банк тәуелсіздігі бақылауға алынатындығында немесе ҰБ пен Үкімет әрекетінің үйлесімді болуында емес, ақша-несие және салық-бюджет саясатына байланысты. Сондықтан ҰБ-ның басты мақсатқа жетудегі жұмыстың  тиімділігі - бұл барлық ммлекеттік органдармен біріге отырып, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету", - деді Д. Ақышев.

Фото: tengrinews.kz

Похожие материалы