Қазақстанда 360 мың адам денсаулыққа зиян және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейді
Шараға министрліктің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов қатысты.
Комитет басшысының сөзінше, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) соңғы мәліметтеріне сай, өндіріс басында және жұмысқа байланысты аурулардан жыл сайын 2,78 млн жұмысшы көз жұмады.
Олардың 2,4 млн-ы (86,3 пайызы) жұмысқа байланысты аурулардан қайтыс болады, ал 380 мыңы (13,7 пайызы) – өндірістегі оқыс жағдайдан қаза табады екен.
Ақмәди Сарбасов 2017 жылы еңбек құқының сақталуына байланысты тексерілген қазақстандық кәсіпорындардағы 1,7 млн жұмысшының 370 мыңы немесе әрбір төртінші қызметкердің (23,0 пайыз) зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтінін жеткізді.
«Әрбір екінші қызметкер (44,2 пайыз) жұмыс орнында аса шулы (вибрация) жағдайында еңбек етеді. Ал, әрбір үшінші еңбеккер (33,7 пайыз) жұмыс орнында газ бен шаң мөлшерінің белгіленген нормадан көп жағдайына тап болады. 84,6 мың адам ауыр жұмысқа жұмылған (бұл зерттелген кәсіпорын қызметкерлерінің 5,1 пайыз)», - деді Ақмәди Сарбасов.