Экономика
Ұлттық банк штаты қысқартылды
Ұлттық банк департамент пен қызметкерлер штатын қысқартып үлгерді. Бұл туралы онлайн-конференция кезінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Ұлттық банк төрағасының құрылымы мемлекет басшысы арқылы анықталады. Ұлттық банкты шығындарын оңтайландыруы керек кез-келген мемлекеттік орган ретінде қарастыра отырып, біз банктың құрылымын қысқарту туралы ұсыныс тастадық. Президенттің ұсынымызға қолдау білдіргені бізге демеу болды. Осыған дейін Ұлттық банк құрылымында 25 департамент болса, енді 13 қана қалды. Әзірге қысқартылған қызметкерлер санын нақты айта алмаймын, бірақ оңтайландыру жүріп жатыр. Штат қысқартылды",-деп атап өтті Данияр Ақышев.
Оның сөзінше, "Ұлттық банк қызметкерлерінің санын қысқарту-мақсат емес". "Бірінші кезекте біз шешім қабылдау процесін жылдамдату үшін басқарушы лауазымдағы қызметкерлер санын азайтуға тырысып жатырмыз. Яғни жүйедегі кез-келген өзгеріске дайын болуы үшін Ұлттық банк орталық аппаратының жеңілдетілгені керек",-деп түсіндірді банкир.
Сондай-ақ, Данияр Ақышев Ұлттық банк орталық аппаратының Астанаға көшу туралы ойы жоқ екендігін тағы бір рет еске салып өтті. "Өткен жылы мемлекет басшысының бұйрығымен Ұлттық банктың Астанаға көшу жайы анықталған еді. Алайда қазіргі экономикалық жағдайды, мемлекет қаржысын үнемдеуді ескере келіп, көшу біз үшін артық шығын болады деп шештік. Көшу үшін қазір ыңғайлы уақыт еме және осы шешімімізді қолдағаны үшін мемлекет басшысына алғысымызды білдіреміз",-деді ол.